КИБЕРБУЛЛИНГ: БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ? » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КИБЕРБУЛЛИНГ: БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ?
22
декабрь
2022

КИБЕРБУЛЛИНГ: БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ?

 Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелеттік жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды.
ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН  НҰСҚАУЛЫҚ:
   Егер ұстаздар оқушының мінез-құлқында қандай да бір өзгеріс барын байқаса, оны мұқият бақылауға алуы қажет. Ал кибершабуылға ұшырағанын немесе жоғары сынып оқушыларынан теперіш көргенін анықтаса, жасырмай мектеп директоры мен ата-ананы да дереу хабардар етуі тиіс. Әрмен қарай, бұл құрықтан баланы құтқарудың жолдарын іздеуі керек. Егер мектеп ұжымының оқушыны тығырықтан шығаруға шамасы жетпесе, арнайы мамандардың көмегіне жүгінгені жөн. Кейін болған жайтты журналға тіркеп, оқушының мінезіндегі өзгерісті тағы бір ай бойы бақылауы қажет.
АТА-АНАЛАРЫ  БІЛУІ  ТИІС  САҚТЫҚ  ШАРАЛАРЫ: 
      Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылады. Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс.
КИБЕРБУЛЛИНГКЕ  НЕ  ҮШІН  БІРДЕН НАЗАР  АУДАРУ  КЕРЕК ?
- Қорлап, кемсіту баланы психолигиялық күйзеліске ұшыратады;
- Жанын ауыртып, суицидке итермелейді;
Мінезінің өзгеруіне әкеледі;
- Ешкім қорлықтың құрбаны болмауы керек;
- Әркім өзінің ар-намысын аяққа таптатпауға құқылы;
- Ата-ана мен мұғалімдер мұндай қорлықты байқаса, бірден балаға көмектесуі керек.
Қысым көрген балалардың айрықша белгілері:
- Мектепке барғысы келмейді;
- Сабақ оқуға зауқы болмайды және үй тапсырмасын нашар орындайды;
-  Көңіл-күйі түсіп жүреді;
- Үнемі уайымдайды және өзіне сенімсіз болады;
- Ешкіммен әңгімелесуге зауқы соқпайды және оқшау жүреді;
- Қорқып сөйлейді, тамақ ішуге тәбеті тартпайды;
- Үйден қашып кетуге тырысады;
- Суицид жасайтынын айтып қорқытады;
- Түнде дұрыс ұйықтамайды және шошып оянады;
- Өзіне не болғанын айтудан қорқады;
- Жиі ақша сұрайды не ұрлық жасайды;
- Ғаламторды не гаджеттерді қолдануға үрейленеді;
- Телефонына хабарлама келсе, ашуланады.
КИБЕРБУЛЛИНГКЕ ТАП БОЛҒАНДА:  
- Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның хабарламасына жауап бермеу;
- Онымен сөйлесуді тоқтатып, бұғаттау;
- Әлеуметтік желі әкімшісіне сен туралы жарияланған жазба не суреттерге шағымдану;
- Күдікті жазбаларды скриншот жасап, ата-ана не ұстаздарға хабар беру керек.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив