28
сентябрь
2023
«ОҚУҒА ҚҰШТАР- МЕКТЕП» ЖОБАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 26.09.2023ж. күні мектеп кітапханашылары Э. Ботабаева мен М.Шарафи Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Яссауи» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, түркістандық ғұлама, әулие Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығынан мол мәлімет беретін кітаптарды оқушыларға таныстырып өтті. Сондай-ақ, оқушылар Қожа Ахмет Яссауи туралы өз білгендерін ортаға салып, 8 «Е» сынып оқушысы Амиркул Каусар ғұламаның «Даналық кітабы» шығармасынан үзінді оқыды.