24
октябрь
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ "ЖАС ҰЛАН" БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебінде 25 қазан Республика күніне орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімін, білімге және өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты, өз ісіне жауаптылық көзқарасын, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыру. Мектебіміздің жас жеткіншектері болашақта жаңа Қазақстанның Отан сүйгіш азаматтары болатынына кәміл сенеміз.