05
декабрь
2023
«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ
«Сапалы білім» жобасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-зерттеушісі Ибраева Гулзира Умирзаққызы 9 «Ж» сыныбында Төле би "Ердің бақыты –әйел" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде келген қонақтарымыз Төле би ауданынан шыққан ұрпақтары мектебіміздің директоры
Жанна Аралбайқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Феруза Сұлтанбекова мен көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Избасарова Жанна апайымыз Төле би бабамыз туралы қызықты көптеген мәліметтерді оқушыларға ұсынды.
Сонымен қатар, ашық сабағымыз Шәкәрім апталығымен қатар келуіне орай Шәкәрім қажы айтқан ақ жүрек, таза ақыл мен адал еңбек қасиеттері топтардың атауы ретінде берілді. Алманың ағашынан алысқа түспейтініндей, ұстазы дана Абайдың: «Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», – дегені мен Шаһ-Кәрім қажының «ақ жүрек, таза ақыл, адал еңбек», – деуі тонның ішкі бауындай қабысып, әдемі үндесіп тұр емес пе?
Халық қазынасын кім алады? кімге бұйырады? деп сабақты қызықтыра отырып көп кілтті қазынаға ие болып сандықшаны ашқан топ Төле бидің батасына ие болды.
Сондай ақ, Қазақстанның мемлекеттік архиві мен Ғылым академиясындағы қолжазбалар қорында ел арасынан жинақталған материалдар да баршылық екені тілге тиек етіліп, халық аузында хатқа түспеген, жинала қоймаған Төле би мұралары әлі де аз емес екені айтылды. Оларды мұқият жинастырып, зерттеу, кітап етіп халықтың өзіне қайта ұсыну болашақ міндетіміз болып табылады. Осы тұста пән мұғалімінің шеберлігінің арқасында келген қонақтармен оқушыларды байланыстырып ашық сабақ берудегі мақсат-міндіттер толық жоғары дәрежеде ашылып, оқушы мен мұғалім арасындағы сыйлы үндестік шебер көрсетілді.




