15
декабрь
2023
"Сапалы білім" жобасы аясында
"Сапалы білім" жобасы аясында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Карибаева Эльмира Илесовна күнтізбелік жоспар бойынша ашық сабақ өткізді. 7"А" сыныбына өткізілген сабақтың тақырыбы: «Лиро эпостық жырлар."Қыз Жібек" жыры».
Сабақтың басты мақсаты: оқушыларға әдеби шығарманың этно- эстетикалық құндылығын түсіндіру. Қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрпын кең көлемде суреттеп, қазақты күллі әлемге танытқан "Қыз Жібек" жырын тереңірек таныту.
Сабақта қолданылған "Авторы кім", "Кластер", "Попс формуласы" әдістері мен бірге топтық, жұптық жұмыстары орындалды. Оқушылар осы әдістер арқылы шығарманың құрамдас бөлшектерін талдады. Қазақ халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі жайында тоқтала отырып, оның жалғасатыны айқын, сенімді және оқушылар өз үлесін қосамыз деген пікір қалыптастыруға мұғалім өз шеберлігімен ат салысты. Оқушылардың пәнге деген қызушылығы артты. Карибаева Эльмира Илесовна мемлекетіміздегі барлық әріптестеріне сәттілік тілейді.