26
декабрь
2023
🎄ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!» АТТЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАСЫ ӨТТІ🎄
2023 жылдың 24 желтоқсан күні Шымкент қаласы білім басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты жаңа жылдық шыршасы өтті.
Елдің болашағы – бүгінгі балалардың қолында. Балалар жыл бойы барын салды, оқуда озат болды. Осы орайда, әр бір баланың қуануына себепкер болып отырған елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлына алғысымыз ерекше. Ел сайлаған Елбасына мың алғыс!
Шымкент қаласының әкімі Сыздықбеков Ғабит Әбдімажитұлы балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
«Сіздер, бүгін Президенттік Жаңа жылдық шыршасына қатысып отырсыздар! Бұл - Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздің жарқын болашағы – Сіздерге деген үлкен құрметі. Жаңа жыл – барша қазақстандықтарға және көптеген мемлекеттер үшін де ерекше ықылас, зор үмітпен келер жылдан жақсылық күтетін мереке. Бүгінгі мереке мен сыйлықтар сендерге естен кетпейтін, ерекше жарқын күн сыйласын. Мен сендерге зор денсаулық, бақыт тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!», -деді әкім.
Президенттік Жаңа жылдық шыршаға №79 жалпы орта білім беретін мектебінен 6 «К» сынып оқушысы Әби Нұрбақыт Қарқынқызы мен 5 «В» сынып оқушысы Бақтиярұлы Мейіржан қатысып, қала әкімі мен Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы сый-сияпат беріп, марапатталды.
Осы орайда, оқушыларға армандаған тілектеріңіздің орындалуын, алдағы жоспарларыңыздың іске асуын тілейміз. Жаңа жыл құтты болсын! 



