“ҚОШ БОЛ, ӘЛІППЕ!” » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
декабрь
2023

“ҚОШ БОЛ, ӘЛІППЕ!”

Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты № 79 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-сынып оқушыларының әліппемен қоштасу кеші өтті. «Қош бол, әліппе!» атты іс-шара 21-22 желтоқсан күндері ұйымдастырылып, 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б», 1 «В», 1 «Г», 1 «Ғ» және 1 «Д» сыныптары әліппемен салтанатты түрде қоштасты.
Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ата-аналарды шаттыққа бөледі. Бүлдіршіндер мың бұрала би билеп, «Менің атым — әліппе», «Үйретеді» және «Рақмет саған, әліппе!» әндерін хормен шырқады. Сондай-ақ әр әріпке байланысты тақпақтар айтып, түрлі қызықты қойылым сахналады. 
Екі күн бойы акт залында өткен салтанатты кешке ата-аналар мен мектеп ұстаздары қатысты. «Қош бол, әліппе!» атты іс-шараны арнайы қорытындылаған мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнур Маделиевна оқушылардың өнерлеріне тәнті болып, жоғары баға берді. Осы орайда Алимбаева Айнур Маделиевна бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Ал ата-аналар ұстаздарға алғысын айтып, жемісті еңбек пен шығармашылық табыс тіледі.
Кеш соңында сынып жетекшілер мәртебелі қонақтарға ризашылығын жеткізіп, оқушыларды арнайы мадақтама қағазымен марапаттады.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив