28
декабрь
2023
“ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!”
Шымкент қаласы №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Өр талапты, озық ойлы ұлан» жобасы аясында 1-11 сыныптар аралығындағы оқушыларға арналған
«Қош келдің, Жаңа Жыл!»
атты жаңа жылдық шырша кеші өтті.
Мерекелік думанға мектебіміздің директоры А.Ж.Кулбекова қатысып, оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мол бақыт, зор денсаулық, оқуда озат болуға шақырып, барша арман-тілектерінің орындалуына тілектестігін білдірді.
Жаңа жыл кешінде
Аяз ата мен
Ақша қардан сыйлық алып, қуанышқа бөленген оқушылар ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алды.








