03
январь
2024
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ
Шымкент қаласы Білім бөліміне қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директоры А.Ж.Кулбекова мен Кәсіподақ комитетінің төрайымы Б.Ж.Тажибаева мектеп ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Құттықтау барысында кәсіподақ комитетінің атынан барлық ұжым қызметкерлеріне сыйлық берілді.
Ж.Аралбайқызы: “Құрметті ұстаздар, әріптестер, ата-аналар!
Сіздерді Жаңа 2024 жылмен құттықтаймын! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыстар мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Әр отбасына денсаулық, молшылық, ашық аспан тілеймін.
Жаңа жылдағы жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындалсын!”-деп ізгі тілек білдірді.




























