"САПАЛЫ БІЛІМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "САПАЛЫ БІЛІМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
23
январь
2024

"САПАЛЫ БІЛІМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 18 қаңтар күні “Сапалы білім” аясында 3 «A» сынып оқушыларымен  бастауыш сынып мұғалімі Саржанова Райхан Менлибаевна қазақ тілі  сабағында  «Негізгі және туынды зат есім» тақырыбында ашық сабақ өтті.
📚Сабақтың негізгі мақсаты: 
 🖇️мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
🖇️мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін , жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу
🖇️негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау                                                                                                          Педагог Саржанова Райхан Менлибаевна жаңа тақырыпты оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдерімен түсіндірді. Сабақ барысында оқушылар топқа бірігіп, түрлі жұмыстар жасады.📌«Гүл өсіру» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталап, тақтамен жұмыс, 📌«Құстарға қамқорлық» әдісі арқылы топтық жұмыс , 📌«Көркем жазайық» әдісі арқылы жеке жұмыс, 📌«Балық жинау» әдісі арқылы оқушыларды жеке бағалау, "Аквариум" әдісімен кері байланыс, 📌«Лайк, капитан»  атты психологиялық жаттығулар  т.б. жұмыстар ұйымдастырды. Балалар сабаққа белсенді қатысты. Сабақ жоспарға сәйкес өз деңгейінде өтті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив