08
апрель
2024
"САПАЛЫ БІЛІМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
"САПАЛЫ БІЛІМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы
орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 3 сәуір күні 1 «В» сыныбында ана тілі пәнінен ашық сабақ өтті.
Сабақ тақырыбы: Қазым, қазым, қаңқылда (Сөз және оның мағынасы).
Сабақтың мақсаты: мұғалім қолдауымен сөздердің мағыналарын (синоним, омоним, антоним) ажырату, түсіну болып табылады.
Сынып жетекшісі Мөлдір Қарағұлова жаңа тақырыпты оқушыларға түрлі әдіс-тәсілмен түсіндірді. Сабақ барысында оқушылар топтарға бірігіп, тапсырмалар орындады. Оқушылар сабақ үстінде берілген мәтін бойынша сахналық қойылым қойды. Сондай-ақ «Гүлге қонған көбелек», «Ойлан, тап!», «Жұбын тап» әдістері арқылы топтық жұмыстарын көрсетті. Ал «Кім тапқыр?» ойыны кезінде шапшаңдықтарын байқатты. Ашық сабақ соңында оқушылар «Сөзден сөз құра» ойыны арқылы алған білімдерін қорытындылады.
мм
Показать перевод

