"ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДАН АЛДЫН АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАНЫҢ БАС МАМАНЫ ТҮСІНДІРМЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗДІ » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДАН АЛДЫН АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАНЫҢ БАС МАМАНЫ ТҮСІНДІРМЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗДІ
05
март
2024

"ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДАН АЛДЫН АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАНЫҢ БАС МАМАНЫ ТҮСІНДІРМЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗДІ

"ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДАН АЛДЫН АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАНЫҢ БАС МАМАНЫ ТҮСІНДІРМЕЛІ  ЖҰМЫС ЖҮРГІЗДІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 5 наурыз күні Шымкент қаласы білім басқарманың бас маманы Жанадилов Талғат Оразбекұлы "ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДАН АЛДЫН АЛУ"  тақырыбында Шымкент қаласы прокуратурасы, Шымкент қаласы  Ішкі істер департаментінің тақырыпқа сәйкес бейнероликтерді ата-аналарға, ұстаздар мен оқушыларға профилактикалық түсіндірмелі жұмыс жүргізді.
      Прокуратура органдарының, құқық қорғау органдарының бірнеше рет ескертулеріне және телефондық алаяқтық фактілері туралы БАҚ-тың таратып жатқан хабарламаларынан нәтиже шығармастан азаматтар жасына және әлеуметтік жағдайына қарамастан алаяқтарының айла-амалдарына түсуді жалғастыруда.
Қылмыстардың едәуір бөлігі қаржы-кредит мекемелерінің өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атынан телефон қоңыраулары арқылы жасалған алаяқтық.
Көп жағдайда «телефон алаяқтары» азаматтарға несиені заңсыз ресімдеу әрекеттері туралы хабарлайды және күмәнді операцияны жою сылтауымен банк карталарының деректемелерін анықтайды немесе олар көрсеткен есеп айырысу шоттарына ақша аударуға сендіреді.
Қала прокуратурасы бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 – бабында көзделген қылмыс белгілеріне жататынын түсіндіреді. Алаяқтық - бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену.
Қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін сақтау керек және оларды туыстары мен жақындарының назарына жеткізу қажет: қоңырау шалушыға кім ұсынылмаса да, СМС хабарламалар арқылы келіп түсетін дербес деректер мен кодтарды,  телефонға бағдарламалар орнатуды, сондай-ақ жеке сипаттағы өзге де мәліметтерді хабарлауға болмайды. Мұндай телефон қоңырауы түскен кезде сөйлесуді дереу тоқтатыңыз.
Ақпаратты банктің ресми нөмірі бойынша тексеріңіз.
Белгісіз сайттардан тапсырыс берген кезде төлемді тек тауарды алғаннан кейін беріңіз.
Сізге немесе жақындарыңызға қатысты алаяқтық әрекеттер жасалған жағдайда полицияға хабарлау керек екенін ескертіледі. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив