АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
декабрь
2023

АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 8 желтоқсан күні "Ата-аналарды қолдау" орталығының ұйымдастыруымен ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту мақсатында  «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады?» тақырыбында 5-7 сынып оқушыларының ата – аналарына арналған семинар сабақ өтті. 
Ата- аналарға өсіп келе жатқан баланың өміріндегі дағдарыс жасы және осы кезеңдегі мәселелерді шешудің кілтін қалай табуға болатындығы туралы ақпараттар беріліп, топтық жұмыстар орындалды. 
 Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, география бірлестігінің мұғалімі М.К.Маркабаевна «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатын айтып, «Ұлттық мүдде»,«Ар-ұят», «Талап» құндылықтарына тоқталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив