04
январь
2023
HR-PROCESS» -САПАЛЫ КАДР ТАҢДАУДЫҢ АШЫҚ ЖҮЙЕСІ
Мен, Жолдас Нұргүл Бауыржанқызы 2022 жылдың желтоқсан айында HR- Process жүйесі арқылы N79 жалпы орта білім беретін мектебіне бос орынға өтініш тастадым. HR-Process бос орынға арналған өтініштерді бір апта ішінде қарап жеңімпазды анықтады. N79 жалпы орта білім беретін мектебіне 2 үміткер өтініш тастап, сол үміткерлердің ішінен барлық талаптарға сай келіп, 6 ұпай балл арқылы жеңімпаз атандым.
HR-Process барлық жұмыс іздеген мамандарға ашық түрде бағын сынап, жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндік беретін әділ жүйе. Енді ғана жоғары оқу орнын аяқтаған мен секілді "Жас маманның" тәжірибесіз жұмысқа қабылдануына мүмкіндік берген HR-Process. kz сайты білімді, жан-жақты мамандардың одан әрмен мамандықтарын сүйе отырып оқушылардың оқу, ғылым, білімге деген құштарлығын оятатынына сенімдімін.
HR-Process жүйесі - сыбайластықтың жоюдың өте тиімді жолы. Тәжірибесі бар білікті маманның да, ЖОО орнын аяқтаған Жас маманның да білімі, жетістігі, тәжірибесі (практика) арқылы бағаланып конкурсқа қатыса алатынына бірден бір мүмкіндік берген Hr-процесс.kz сайты барлығын ашық, әділ түрде көрсететіні жемқорлықтың тамырын түбімен жоюға бағытталған.
Бүгінгі таңда «HR-PROCESS» цифрлық жүйесі арқылы қаламызда 1600-ден астам маман жұмысқа қабылданып, жемісті қызмет атқаруда.