Ақпарат - «N79 жалпы орта мектеп» КММ https://79.shymkent-mektebi.kz/ ru Ақпарат - «N79 жалпы орта мектеп» КММ DataLife Engine Хабарландыру!!! https://79.shymkent-mektebi.kz/main/768-habarlandyru.html https://79.shymkent-mektebi.kz/main/768-habarlandyru.html Хабарландыру!!!

Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 (01.03.2023 ж. № 56 өзгерістермен) бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің (бұдан әрі – Қағидалар) 2-тарауының орындау мақсатында Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Қағидалардың 2-тарауының 10-тармағына сәйкес (2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрыққа 2-қосымша) орта білім беру ұйымдарының, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:

1) осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) - 11 адамнан аспайды;

2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) - 1 адам;

3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және / немесе Құқық қорғау органдарының өкілдері-1-3 адам;

4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері-1-2 адам;

5) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) - 1-2 адам;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;

7) оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері-1-2 адам.

9-тармаққа сәйкес Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде төменде көрсетілген мекен-жай бойынша білім беру ұйымдарына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Кандидаттар кәсіби (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтер береді.

11-тармаққа сәйкес Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсынады.

Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген

құжаттармен қоса тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ағымдағы жылдың 5 -25 ақпан аралығында Шымкент қаласы Білім басқармасының Қамқоршылық кеңесі комиссиясына ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімін Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалау үшін мемлекеттік және ресми тілдерде қағаз жүзінде ұсынады.

Білім беру ұйымының атауы

Мекен-жайы

«№79 жалпы орта білім беретін мектебі»

Тұран ш.а. Тұран 437

]]>
Хабарландыру!!!

admin Mon, 24 Feb 2025 10:30:58 +0600
Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. https://79.shymkent-mektebi.kz/main/661-memleket-basshysy-jelderd-ytary-men-balalardy-aupszdgn-amtamasyz-etuge-bayttalan-zadara-ol-ojdy.html https://79.shymkent-mektebi.kz/main/661-memleket-basshysy-jelderd-ytary-men-balalardy-aupszdgn-amtamasyz-etuge-bayttalan-zadara-ol-ojdy.html Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.
Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.
t.me/aqorda_resmi
]]>
Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.
Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.
t.me/aqorda_resmi
]]>
admin Mon, 15 Apr 2024 13:30:39 +0600
ПРЕЗИДЕНТ: КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІС САЛДАРЫН АЗАЙТУҒА ҰМТЫЛУ- ҒЫЛЫМ АЛДЫНДА ТҰРҒАН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ https://79.shymkent-mektebi.kz/main/662-prezident-klimatty-zgers-saldaryn-azajtua-mtylu-ylym-aldynda-tran-mayzdy-mndet.html https://79.shymkent-mektebi.kz/main/662-prezident-klimatty-zgers-saldaryn-azajtua-mtylu-ylym-aldynda-tran-mayzdy-mndet.html
ПРЕЗИДЕНТ: КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІС САЛДАРЫН АЗАЙТУҒА ҰМТЫЛУ- ҒЫЛЫМ АЛДЫНДА ТҰРҒАН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ  
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев  Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске қатысты.
Президент кеңесте отандық ғылымды дамытудың бес бағыты бойынша Үкіметке  нақты  тапсырмалар берді. Оның бірі – ғылымның әлеуетін табиғи және техногенді апаттарды болжау, климаттық өзгерістер салдарымен күрес мақсатында пайдалану болса, екіншісі – ғылымның экономикалық сатылап дамуына тигізер оң ықпалын арттыру. Тағы бір бағыт  – жасанды интеллектіні дамыту болса, төртінші бағыт – университет ғылымын дамыту және ғылыми инфрақұрылым саласындағы қордаланған мәселелерді шешу. Бесінші бағыт – ғылымды дамыту үшін ғылыми кадрлар әлеуетін көтеру.
Елімізде қазіргі күні ғылымның дамуына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, барынша жақсы жағдайлар жасалуда. 
Мысалға, ғылымды дамыту, ғылым қызметкерлерін қолдау мақсатында тәуелсіздік жылдарында арнайы заңнамалық өзгерістер енгізілді. Әрине,  мұның бәрі ғылымды дамытуға арналған нақты шаралар болып табылады.
Бүгінгі таңда Президенттің айтуынша, ғылым ел мен қоғам игілігіне, яғни қолданбалы мақсатқа жұмыс істеуі керек. Соңғы кезде жиілеп кеткен климаттық өзгерістердің салдарынан туындаған түрлі апаттардың алдын алу үшін оларды болжау жүйесін жолға қою қажет. Бұл үшін сапалы ғылыми қорытынды және оны жасайтын білікті кадрлар керек дегенді айтты.
Осылай деген Президент елімізде соңғы 80 жылда болмаған алапат су тасқынының себеп-салдарына арнайы тоқталды. 
«Оның түп себебін жаһандық климаттан іздеу керек, себебі соңғы жылдары барлық елдерде табиғи апаттар жиілеп кетті. Мысалы, 1980-1985 жылдары әлемде 1700-ге жуық табиғи апат болған, ал 2010-2015 жылдары олардың саны 3700-ден асқан, яғни аз уақыттың ішінде табиғи апат саны екі есе артты. Олардың жартысына жуығы – суға қатысты апаттар. Ендеше, табиғи апаттарды алдын ала болжап, климаттық өзгеріс салдарын азайтуға ұмтылу – ғылым алдында тұрған маңызды міндет- деп, атап өтті.
Осыған орай, мемлекет басшысы  гидромелиоративтік-құрылыс институтын қайта құру, Сейсмология институтының ғылыми әлеуетін арттыру, Алматыдағы Аймақтық гляциологиялық орталықтың әлеуетін барынша пайдалануға байланысты Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді.

Показать перевод

Все реакции:11
]]>
admin Fri, 12 Apr 2024 17:49:18 +0600
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі https://79.shymkent-mektebi.kz/main/675-memleket-basshysy-asym-zhomart-toaevty-su-tasyny-saldarynan-alyptasan-auyr-zhadaja-bajlanysty-ndeu.html https://79.shymkent-mektebi.kz/main/675-memleket-basshysy-asym-zhomart-toaevty-su-tasyny-saldarynan-alyptasan-auyr-zhadaja-bajlanysty-ndeu.html

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі

Құрметті отандастар!
Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.
Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.
Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.
Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда.
Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр.
Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.
Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі.
Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес.
Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет.
Менің бұйрығыммен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырамын. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет.
Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге айтарым, жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын.
Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді.

Заңдар

2024 жылғы 06 сәуір
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Президент Қостанай облысының кәсіпкерлерімен және еріктілерімен кездесті

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір
Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы

2024 жылғы 16 сәуір
Президент Қостанай облысының кәсіпкерлерімен және еріктілерімен кездесті

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір
Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы

]]>
admin Sun, 07 Apr 2024 08:20:57 +0600
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНЕ ЕСЕП БЕРІЛДІ https://79.shymkent-mektebi.kz/main/740-amorshyly-kees-mshelerne-esep-berld.html https://79.shymkent-mektebi.kz/main/740-amorshyly-kees-mshelerne-esep-berld.html ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНЕ ЕСЕП БЕРІЛДІ
       Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 07.02.2024 ж күні мектеп директоры Кулбекова Жанна Аралбайқызы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің  алдында "2023-2024 оқу жылында І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша" есебін берді. 
 Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 
1. №79 жалпы орта білім беретін мектебінің 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдық ерекшеліктері мен өзгерістері. 
2. Педагогтердің сапалық құрамы , оқушылардың жетістігі, мұғалімдердің жетістігі. 
           Мектеп директоры Кулбекова Ж. А. 
3. 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығында атқарылған тәрбие жұмыстарының қорытындысы. 
                    ДТІЖО: Маркабаева К.М. 
4. 2023-2024 оқу жылында мектеп кітапханасы жұмысы мен кітаптардың сақталуы. 
          Кітапхана меңгерушісі –Шарафи М.М.
5. 2023-2024 оқу жылында қыркүйек айынан жылдың соңына дейін бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы. 
                    Бас есепші – Джарасова Н. А.
6. 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығында әлеуметтік мәртебеге ие болған оқушыларға көрсетілген көмектері.
          Әлеуметтік-педагог  Даткабекова С.К. 
7.Педагог-психологтердің 2023-2024 оқу жылындағы І жартыжылдық есебі. 
            Педагог-психолог Момынова М. 
    Күн тәртібінде қойылған мәселелер барлық сала бойынша есеп беріліп, қойған сұрақтарына нақты  жауап берілді.
      Қорытынды есеп соңында Қамқоршылық кеңестің төрағасы Кузеров Абдрахман  мырза  атқарылып отырған жұмыстарға оң көзқарасын білдіріп, сәттілік тіледі.

]]>
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНЕ ЕСЕП БЕРІЛДІ

#Шымкент_қаласы_білім_басқармасы 
#Қамқоршылық_кеңес 
#Шымкент_әдістемелік_орталығы 
#shymkenttarbye 
#Қосымша_білім_беру_оқу_салалық_орталығы
https://www.facebook.com/100041009420083/videos/443095764710230/]]>
admin Tue, 13 Feb 2024 13:30:44 +0600
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ САПАСЫ 56,2%-ҒА АРТҚАН https://79.shymkent-mektebi.kz/main/744-2022-2023-ou-zhylyny-orytyndysy-bojynsha-blm-sapasy-562-a-artan.html https://79.shymkent-mektebi.kz/main/744-2022-2023-ou-zhylyny-orytyndysy-bojynsha-blm-sapasy-562-a-artan.html
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ САПАСЫ 56,2%-ҒА АРТҚАН
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Білім басқармасының  басшысы 2024 жылы білім беру саласында атқарылатын бір қатар шаруаларға тоқталып, алдағы  жоспарларымен де бөлісті. 
«Ағымдағы жылдың І тоқсанында ата-аналарға табельдерді растау механизмін үйрету семинарлары өткізіліп, балалардың сабаққа қатысуын табельдеу және ата-аналардың табельдерді растау механизмі іске асырылатын болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда, әдістемелік материалдарды, оқыту әдіс-тәсілдерін қолдануда, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуде, тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырып өткізуде, оны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуде әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар балаларды кезектілікпен есепке алу және ҰБДҚ платформасында бірыңғай деректер базасын жүйелі жинақтау бойынша кеңес беру жобалары жүзеге асырылатын болады»,- деді спикер Н.Шамшиева.
Қаладағы 272 мектепте 259 065 оқушы білім алуда. 
Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 56,2%-ды құрады, бұл алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 2,2%-ға өсу серпінін көрсеткен. 
Білім сапасын арттыру бағытында жоспарланған жұмыстар:
Қаладағы мектептердің білім сапасына зерделеу жүргізіліп, «САПАЛЫ БІЛІМ" жобасының арнайы тұжырымдамасы әзірленді. Жоба орталықтың ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралып, арнайы бұйрықпен 14 жетекші мектеп командалық жұмыс бастады. 
Сонымен қатар, білім сапасын арттыру бағытында төмендегідей жобалар аясында жұмыстар жүргізіледі.
- «Мобилді мұғалім» жобасы;
- «Үздік кәсіптік бағдар беру» жобасы;
- «Жетекші мектеп» жобасы;
- «Бейіндік сынып» пилоттық жобасы;
- «Сауаттылық сапалы білім негізі» жобасы.
Білім сапасына педагогтердің біліктілігі тікелей байланысты болғандықтан, олардың кәсіби өсуі де маңызды. Бүгінгі таңда қаладағы біліктілік санаты бар педагогтер үлесі 64%-ға жетті.
Біліктілікті арттыру курстарынан 2023 жылы 8 763 педагог өтсе, ағымдағы жылы 7 742 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

admin Tue, 13 Feb 2024 05:51:34 +0600
ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ САНЫ 42 АРТҚАН https://79.shymkent-mektebi.kz/main/743-shymkentte-blm-beru-jymdaryny-sany-42-artan.html https://79.shymkent-mektebi.kz/main/743-shymkentte-blm-beru-jymdaryny-sany-42-artan.html ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ САНЫ 42 АРТҚАН
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы 
Нұргүл Шамшиева білім беру саласыныда 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға жоспарланған жұмыстар туралы БАҚ өкілдеріне берген баспасөз конференциясында айтты. 
Бүгінде Шымкент қаласында 401 883 баланы камтып отырған  960 білім беру ұйымы жұмыс істеуде. Оның 251 мемлекеттік болса, 718 жекеменшік. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42 білім беру ұйымына артып отыр. 
2023 жылы «Шымкент қаласының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жол картасы» әзірленді. 
Жол карта аясында 2024 жылы білім саласына жалпы 228 млрд. 353,5 млн. теңге қаралған. Оның ішінде, жалпыға міндетті білім қорына – 60 284,2 млн.теңге, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мамандарын даярлауға – 20 521,7 млн.теңге бөлінген. Жалпы қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 22,0 млрд.теңгеге  артқан.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
]]>
ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ САНЫ 42 АРТҚАН

Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық 
]]>
admin Tue, 13 Feb 2024 05:47:58 +0600
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ НЕГІЗІНДЕ 1380 ЖАС КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУДА https://79.shymkent-mektebi.kz/main/746-ksporyndardy-sranysy-negznde-1380-zhas-ksptk-blm-aluda.html https://79.shymkent-mektebi.kz/main/746-ksporyndardy-sranysy-negznde-1380-zhas-ksptk-blm-aluda.html
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ НЕГІЗІНДЕ 1380 ЖАС КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУДА
Бүгінде қаламызда 39 техникалық және кәсіби білім беру ұйымында 49 348 студент білім алуда.  Мемлекеттік тапсырыстың көлемі соңғы 2  жылда 10%-ға өсіп отыр. 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде 11250 орын бөлінсе, оның 85%-ы техникалық, технологиялық және қызмет көрсету салаларының үлесінде. Бұл туралы бүгін Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева айтты.
2022-2023 оқу жылдары мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін ТжКББ қамтылған 9-сынып оқушылар үлесі 66% құраса (7 827 орын), 2023 жылы 80%-ға дейін артып, 9 мың 9-сынып бітірушілері қажетті мамандықтар бойынша тегін оқумен қамтылған.
Айта кетсек, Шымкент қаласындағы 11 мемлекеттік колледждің 
8-і техникалық және технологиялық бағытта кадрлар даярлаумен айналысады. Колледждерде кадрлар даярлау өңір экономикасының маңызды салалары бойынша 75 мамандық және 166 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі таңда кәсіпорындардың сұранысы негізінде нысаналы тапсырыспен 1380 маман білім алуда. 
Академиялық дербестік аясында 24 колледжде дуальды оқыту форматы жүзеге асырылады. Студенттердің 25%-ы дуальды оқытумен қамтылған. 2022-2023 оқу жылдары  бойынша жұмысқа орналасқан түлектердің саны 85%-ы құрап отыр. Аталған бағытта бітіруші түлектерді жұмыспен қамту үшін 18 колледж 28 кәсіпорындардың қамқорлығына алынған. Сонымен қатар, 150 кәсіпорынмен 3250 шарт пен келісім жасалған, оның шеңберінде түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамадан өтетін болады. Одан бөлек, 24 кәсіпорыннан 26 тәлімгерге төлем жасалынуда.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы қаламызда алғаш рет 2 колледжде 10-11 сынып оқушылары (45 оқушы) үшін жұмысшы мамандықтары бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді. Пилоттық жоба бойынша 1,5 жылдан кейін оқушылар орта білім туралы аттестатпен қоса, тігінші, аспаз, авто-газ дәнекерлеуші мамандықтары бойынша диплом алып шығады. 
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

]]>
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ НЕГІЗІНДЕ 1380 ЖАС КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУДА
Бүгінде қаламызда 39 техникалық және кәсіби білім беру ұйымында 49 348 студент білім алуда.  Мемлекеттік тапсырыстың көлемі соңғы 2  жылда 10%-ға өсіп отыр. 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде 11250 орын бөлінсе, оның 85%-ы техникалық, технологиялық және қызмет көрсету салаларының үлесінде. Бұл туралы бүгін Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева айтты.
2022-2023 оқу жылдары мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін ТжКББ қамтылған 9-сынып оқушылар үлесі 66% құраса (7 827 орын), 2023 жылы 80%-ға дейін артып, 9 мың 9-сынып бітірушілері қажетті мамандықтар бойынша тегін оқумен қамтылған.
Айта кетсек, Шымкент қаласындағы 11 мемлекеттік колледждің 
8-і техникалық және технологиялық бағытта кадрлар даярлаумен айналысады. Колледждерде кадрлар даярлау өңір экономикасының маңызды салалары бойынша 75 мамандық және 166 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі таңда кәсіпорындардың сұранысы негізінде нысаналы тапсырыспен 1380 маман білім алуда. 
Академиялық дербестік аясында 24 колледжде дуальды оқыту форматы жүзеге асырылады. Студенттердің 25%-ы дуальды оқытумен қамтылған. 2022-2023 оқу жылдары  бойынша жұмысқа орналасқан түлектердің саны 85%-ы құрап отыр. Аталған бағытта бітіруші түлектерді жұмыспен қамту үшін 18 колледж 28 кәсіпорындардың қамқорлығына алынған. Сонымен қатар, 150 кәсіпорынмен 3250 шарт пен келісім жасалған, оның шеңберінде түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамадан өтетін болады. Одан бөлек, 24 кәсіпорыннан 26 тәлімгерге төлем жасалынуда.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы қаламызда алғаш рет 2 колледжде 10-11 сынып оқушылары (45 оқушы) үшін жұмысшы мамандықтары бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді. Пилоттық жоба бойынша 1,5 жылдан кейін оқушылар орта білім туралы аттестатпен қоса, тігінші, аспаз, авто-газ дәнекерлеуші мамандықтары бойынша диплом алып шығады. 
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық 

]]>
admin Mon, 12 Feb 2024 17:21:42 +0600
«СОҚЫР СЕНІМНІҢ САЛДАРЫ» https://79.shymkent-mektebi.kz/main/640-soyr-senmn-saldary.html https://79.shymkent-mektebi.kz/main/640-soyr-senmn-saldary.html Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы Дін істер басқармасының тапсырмасы бойынша мектеп оқушыларына дайындалған   «Соқыр сенімнің салдары» тақырыбында бейнеролик ұсынылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

]]>
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы Дін істер басқармасының тапсырмасы бойынша мектеп оқушыларына дайындалған   «Соқыр сенімнің салдары» тақырыбында бейнеролик ұсынылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#Шымкент_тәрбие
#Шымкент_қаласы_білім_басқармасы 
#Шымкент_қаласының_әдістемелік_орталығы
#шымкент_оқуға_құштар_мектеп
#құқық_бұзушылыққа_қарсымын
#қала_прокуроры 
#қосымша_білім_беру_орталығы
#соқыр_сенімнің_салдары
]]>
admin Fri, 26 Jan 2024 17:25:00 +0600
«ЖАЛҒАН ШЕЙХТАРДАН ТӨНЕТІН ҚАУІП» https://79.shymkent-mektebi.kz/main/639-zhalan-shejhtardan-tnetn-aup.html https://79.shymkent-mektebi.kz/main/639-zhalan-shejhtardan-tnetn-aup.html Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы Дін істер басқармасының тапсырмасы бойынша мектеп оқушыларына дайындалған  «Жалған шейхтардан төнетін қауіп» тақырыбында бейнеролик ұсынылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

]]>
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы Дін істер басқармасының тапсырмасы бойынша мектеп оқушыларына дайындалған  «Жалған шейхтардан төнетін қауіп» тақырыбында бейнеролик ұсынылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#Шымкент_тәрбие
#Шымкент_қаласы_білім_басқармасы 
#Шымкент_қаласының_әдістемелік_орталығы
#шымкент_оқуға_құштар_мектеп
#құқық_бұзушылыққа_қарсымын
#қала_прокуроры 
#қосымша_білім_беру_орталығы
#жалған_шейхтардан_төнетін_қауіп
]]>
admin Fri, 26 Jan 2024 17:23:35 +0600