06
декабрь
2023
ШЕБЕР МҰҒАЛІМ – БІЛІМДІ, ӘРІ САНАЛЫ ҰРПАҚҚА НЕГІЗ БОЛМАҚ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Сапалы білім» жобасы аясында «Химия-биология» әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері педагог-зерттеуші Бейсенбиева Кулбара Тойланбаевна мен жас маман Айдын Урдабекова Шымкент Университеті «Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында» семинар сабақ өтті.
«Шебер мұғалім-білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ» тақырыбын ашу аясында, сабақтың мақсаты: еліміздің ертеңі-білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласындағы ұстаздардың әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу болып табылатыны дәлел тапты. Стратегияға жету жолындағы тактикалар нақты қолданылды.
Ал стратегия - ол ұзақ уақытты қамтитын кез келген іс-әрекеттің жалпы жоспары және мақсатқа жету тәсілі. Педагогикалық стратегия – білім беру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін сыныпта қолданылатын жоспарланған, әрі жүйеленген әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білумен сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленді. Семинарда: «QR-код», «Мандарин», «Quizzes» -әдістерін қолданды. Арасында серпіліс ретінде тәрбиеге толы мотивациялық видео-ролик ұсынылды.
Сонымен қатар, Шымкент Университетінің ректоры Сейітқұлов Нұрлыбек Ақынұлының атынан №79 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Кулбекова Жанна Аралбайқызына алғыс хат жолдады.
Осы тұста, Кулбара Тойлыбаевнаға бізге ерекше серпіліс беріп, өзінің тәжірибесін жан-жақты көрсетіп, «педагог» ұғымын басқа қырынан танытқаны үшін алғыс білдіреміз
. Әрқашан жұмыстарыңызға шығармашылық табыс пен ұжымдастардың алдында асқақ абырой тілейміз 




