12
апрель
2024
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Мейірімділік-рухани жан байлығы» тақырыбында «Достық, мейірімділік» тақырыбындағы үздік кітап оқушы сайысы ұйымдастырылды.
Шарт бойынша, әрбір қатысушы сынып достық пен мейірімділік тақырыбындағы кітаптар оқып, кітап мазмұнын берілген («Менің (біздің) оқыған кітабымыздың аты, авторы...», «Бұл кітап маған ерекше ұнады (ұнамады), себебі...», «Бұл кітапты оқу арқылы мен .... үйрендім») сөз оралымдарын қолдана отырып баяндап шықты. Сондай-ақ, оқыған кітаптарынан ең әсерлі жерінен монолог оқып, кітапқа буктрейллер немесе кітапқа жарнама жасау арқылы да сайысқа түсті. Қатысушыларды оқушылар «Оқимын, ойланамын» бағалау парағы арқылы бағалап отырды.


