07
март
2023
БАСТАУЫШ СЫНЫП БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІК ДЕКАДАНЫҢ ӨТІЛУ БАРЫСЫ
Бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндік декаданың өтілу барысында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 07 наурыз күні 2 “Б” сыныбы Төлебекова Әйгерім Ғаниқызы“ Ана - өмірдің шуағы” атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Аналар мейрамы. Адамда не қасиет болса да,бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен жаралған. Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы аналарға деген сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ақ жаулықты аналарды құрмет тұтып, адал да парасатты ұлы мен қыздары болуға тәрбиелеу. Балалардың жүрегіне « Ана» деген есімді мәңгі ұялату.