ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
20
сентябрь
2023

ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Шымкент қаласы  білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 13.09.2023 ж. «Мейірімділік жүректен» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. 
     Күн тәртібінде:
1.2023-2024 оқу жылының ерекшеліктері. 
2.Мектептің ішкі тәртіп ережесін таныстыру. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы. 
3.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңын түсіндіру. 
4.Ата-ана міндеттері  мен жауапкершілігі. 
5. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау. 6.Құқық бұзушылыққа жол бермеу. 
7.Буллинг,  кибербуллингті болдырмау, оның алдын алу. 
8. Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік шаралар. 
9. Балалардың білім алуына жағдай жасау,  психологиялық көмек. 
10. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңы (мереке күндеріне орай ақша жинамау,  сынып жетекшілерге сыйлық немесе ақшабермеу туралы) түсіндіру. 
11. Мектепте құрылған үйірмелердің жұмыс тәртібі, қауіпсіз мектеп 
12.2023-2024 оқу жылының ата-аналар академиясының құрамын сайлау.
13.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қайта түсіндіру жұмыстары (кибербуллинг,  буллинг, су қауіпсіздігі,  өрт қауіпсіздігі,  жолда жүру қауіпсіздігі) жүргізу. 
14. Ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын құру туралы
15.Әр түрлі мәселелер ( мектеп формасы, сабақтан кешікпеу,  сабақтан себепсіз қалмау,  сабақтан қашпау,  кітап,  дәптердің түгелділігі,  ата-аналар күнделік.кз уақытылы қарау т.б. 
      Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды.  
    Мектеп директоры Кулбекова Жанна Аралбайқызы жиналысты ашып, мектебіміздің Қамқоршылық кеңестің  мүшесі Я. Колходжаев  сөз алды. 2022-2023 оқу жылындағы мектептің жетістіктер мен жаңа оқу жылында ендірілген өзгерістерді және мектептің алға қойған мақсат, міндеттерімен ата-аналарды таныстырып өтті.
     Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қамтылып, қарастырылды. 
Ата-аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, мектеп әкімшілігі мен ұжымға толағай табыстар тіледі.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив