20
сентябрь
2023
"ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР" ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 15 қыркүйек күні мектеп кітапханашылары М. Шарафидин мен Э.Ботабаеваның ұйымдастыруымен «Бізді ақылды ететін кітап-дана» тақырыбында кітаптар керуені өткізілді.
Кітап арқылы адамгершілік пен имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар мектеп кітапханасындағы теңдесі жоқ кітаптармен және қызықты ертегілермен танысып, «Кітап бізге не береді?» деген сұраққа қызыға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті . Сонымен қатар кітап туралы викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Кітап оқудың пайдасы» атты анимациялық видеоролик тамашалады.
#1ТОҚСАН#АҚЫНДАРАЙТЫСЫ#