23
октябрь
2023
«МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ-2023»
25 қазан Республика күніне орай Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар арасында «өзін-өзі басқару» ұйымдарын дамыту тұжырымдамасы бойынша «Мектеп Парламенті» сайлауы өткізілді.
Оған мектебіміздің үздік оқитын, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Мектеп Парламенттігіне үміткер болып тіркелген оқушылар, әр қайсысы өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, өз ойларын ортаға салды.
Сайлау әділдікпен өтті және қорытындысы бойынша Мектеп президенті болып 10 А сынып оқушысы Бижан Самат Сейітғалиұлы сайланды. Сонымен бірге өзін-өзі басқару ұйымының құрамы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.
Мектепішілік сайлау нәтижесімен мектеп мұғалімдері мен оқушылары таңдаған «Өзін-өзі басқару» ұйымының жаңа Президентін және фракция көшбасшыларын мектеп ұжымы құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.



