19
декабрь
2023
«Сапалы білім» жобасы аясында
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінің "Химия - биология" әдістемелік бірлестігінің мұғалімі Оңғар Айдана Елмұратқызы 7 "Ж" сыныбымен күнтізбелік жоспар бойынша "Неге сусыз тіршілік жоқ?" тақырыбында кезекті сабақ өткізді. Мұғалім оқушыларды сабақ мақсаттарымен және күтілетін нәтижелермен таныстыра отырып, оқушылар "WorldBall " арнайы бағдарламасы арқылы топтарға біріктірілді. Топтық жұмыста "Аквариум" әдісі арқылы, қызықты сұрақтар қойылып, топпен қызыға жауап берді.
Барлық оқушылар судың адам ағзасына пайдалы тұстарын меңгере отырып, сонымен қатар судың қасиетімен танысты.