23
январь
2024
"САПАЛЫ БІЛІМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» бірлестігінің мұғалімі Мусатаева Нурсулу Булегеновна “Сапалы білім” жобасы аясында 10«Д» сыныбымен қазақ әдебиетінен күнтізбелік жоспарға сәйкес, жазушы, драматург А.Кемелбаеваның"Шашты" әңгімесіндегі Тасқұл қарттың арманы тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта «Топтастыру» ,«Жинақтау/даралау», «Бес жолды өлең» стратегиялары, пікірталастар жүргізілді. Сабақта кейіпкерлеріне жинақтау және даралау арқылы талдау жасай отырып, өз көзқарастарын білдіреді. Тасқұл шал мен Кенжебек тағдырлары ұқсас, екі бөлек заманның адамдары болса да, Тасқұл бұл жерде дұрыс жол сілтеуші рөлінде шығады. Ол өте байсалды, ақылды кісі. Алайда ол Кенжебекке қарағанда, "темірді қызған кезде соқпады". Сондықтан құл болуға мәжбүр болды. Бірақ Тасқұл қартсыз Кенжебек те мәңгіге құл болып қалатын еді. Бұл әңгімеде Тасқұл ол "тарих" есебінде, өйткені ата-бабамыздың іс-әрекеті мен қателіктерінен сабақ аламыз. Ал Кенжебек ол "болашақ".

