29
январь
2024
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ
Қазақ ертегілері — әлеуметтік, рухани – адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ ертегілерін оқыту мен тәлім — тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл болып келеді. Ертегілер арқылы балалардың ой-өрісі дамып қана қоймай, сонымен қатар тіл байлықтары, сөйлеу мәдениеті арта түседі. Осы орайда, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 29.01.2024 жылы 2 «Д» сынып жетекшісі Артыкова Пакизат оқушыларға «Әжемнің ертегісі 20 минут кітап оқу» акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Салболтаева Рая Рысдаулетовна оқушыларға "Мақта қыз" ертегісін баяндап, оқушылардың ертегі жайлы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, оқушылар әжелерімен өздері оқыған қызықты ертегілерімен бөлісті.

