11
март
2024
"ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ" ЖОБАСЫ
"ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ" ЖОБАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 11 наурыз күні Қаратау ауданы әкімінің апараты Г. С. Арғымбаева, Шымкент қаласы ПДО дәрігер-нарколог С. А. Жұманазаров, Дін басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ теолог маманы Д. Н. Садық, мектеп инспекторы полиция майоры Б.Танкишов, ДТІЖО-ры К.Маркабаева мен У.Ниятовалармен бірлесе отырып, 10-11 сыныптың оқушыларына "Жастар арасында керағар діни мен секталардың қауіптілігі, диаспора өкілдерінің радикалдануының алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Кездесу барысында теолог мамандар жасөспірімдерге жат діни ағымдарға еріп кетпеуі, күдікті кітаптар көрсетіп, белгісіз сайттарды ұсынған адамдардан аулақ болуға шақырды. Отбасыларында зорлық- зомбылыққа тап болған жайдайда тиісті мекемелерге хабар беруді, кәмелетке толмағандар жасөспірімдердің түнгі уақыттарда бей-берекет жүрмеуі, құқық бұзушылыққа тап болуының алдын алу, нашақорлыққа қатысты заттарға әуестенбеу жөнінде әр мамандар өз салалары бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.






