05
февраль
2024
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖОБАСЫ
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖОБАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Бір сынып-бір кітап» жобасы назарға алынған.
Осы жобаны іске асыру мақсатында 2 «Д» сынып оқушылары сынып жетекшісі П.Артыковамен бірге шетел жазушысы Р.Сандерсонның «Алтын бие» ертегісін оқып аяқтап, кітапты талқылауға жиналды. Іс-шара барысында оқушылар суреттер арқылы кітаптың мазмұнын баяндап, ертегі кейіпкерлеріне мінездеме берді.
Жалпы кітап оқу баланың ой - өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесудің маңызы бар деп есептейміз.


