06
декабрь
2023
«Сапалы білім» жобасы аясында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Сапалы білім» жобасы аясында «Химия-биология» әдістемелік бірлестігінің мұғалімі
Танабаева Гүлдариға Дүйсенқызы күнтізбелік жоспар бойынша кезекті сабақ өткізді. 
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару "Реакция теңдеуі бойынша қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасын белгілі жағдайда зат массасын есептеу».
Сабақтың басты мақсаты - оқушылар бойында идея, тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды сабаққа қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру көзделді.
Сабақта қолданылған белсенді «Миға шабуыл» «аяқталмаған сөйлем» «бас бармақ» оқыту әдістері оқушылардың массалық үлес пен қосылыстың формуласын табуға бағытталған білімдерін қалыптастыруға септігін тигізді. Білімді өз беттерінше меңгеріп, бір – біріне түсіндіру арқылы өздерін табысты сезінулеріне жағдай жасалды.
Барлық оқушылар заттың сандық және сапалық құрамын ажыратып, қоспа құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеп көрсете білді. Сабақ барысында үштілділікті пайдалана отырып формуланы өткен тақырып бойынша терминдермен қорытындылады.
Осы орайда, Гүлдариға Дүйсенқызына әрмен қарай шығармашылық табыстар тілей отырып, осы бағыттағы еңбегіңіз жана берсін демекпіз!

