08
декабрь
2023
«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Исмайлова Балнұр Абдухаликовна 9 «Д» сыныбына «Қазақстанның ішкі суларының түрлері. Қазақ гидронимдері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
«Құм сағат» ойыны арқылы алдыңғы білімді, өтілген тақырыпты қайталап, «Суретке ену» әдісімен оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатында ынталандырушы материал ретінде өзен-көлдердің суреттері көрсетіліп, сабақтың тақырыбын ашты.
Жаңа тақырыпта оқушылар «Бірге ойлаймыз, сөйлейміз» әдісі арқылы Қазақстан өзендерінің қоректенуі мен шаруашылық маңызын талдап, «Семантикалық карта» әдісі арқылы Қазақстан өзен-көлдерінің гидронимдерін зерттеп, «Идеал» әдісі арқылы Жерасты суларының ластау көздерін жіктеп, қорғау шараларын ұсынды.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушы (кинестетик) тапсырмаларды өз деңгейінде орындап, қасындағы оқушы мен мұғалімнің қолдаулары көрсетілді.
«MILLIONAIRE» платформасы арқылы жаңа сабақты қорытындылап, «Жедел хат» әдісімен кері байланыс жүргізілді.

