"ЖАС МАМАН - БОЛАШАҚҚА БАС ҚАДАМ" » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "ЖАС МАМАН - БОЛАШАҚҚА БАС ҚАДАМ"
20
декабрь
2022

"ЖАС МАМАН - БОЛАШАҚҚА БАС ҚАДАМ"

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолы" жолдауы аясында, жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруге жағдай жасау және инновациялық танымдарын дамыту мақсатында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 14.12.2022 жылы “Жас маман - болашаққа бас қадам” атты мектеп жас мамандар арасында сайыс өткізілді. 
      Сайысқа еңбек өтілі 3 жылға толмаған барлық пәндерден 12  жас педагог қатысты. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлaғaтты сөзін, білімнiң шындығындa да бaғa жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар aсa зoр өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық — рухaни күш, қуaт көзі жoқ екені белгілі. Өйткeні, білім — тeк ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тaсы өрге дoмалaған еңсесі биiк елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тaмыры, eл дaмуының aлтын қаруы.           Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толaстамайды. Сондықтан  шәкірттердің бойына білім нәрін толтырып, елін сүйер азамат тәрбиелеу  жолында аянбай еңбек етуге даярлықтарын білдірді. Өздерінің білімімен қатар, өнерлерінде көрсетіп, болашақта өте керемет маман шығатынын байқатты. Барлық қатысушылар  1-2-3 дәрежелі дипломдармен және  номинациялармен марапатталды.
       "Бас жүлде" көркем еңбек пәні мұғалімі - Кәрібай Аружан Бахытқызы, жүлделі І орын ағылшын тілі пәні мұғалімі- Таджиева Азиза Алиханқизи, ІІ орын орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Рахымбай Сымбат   Сакенқызы, ІІІ орынды Өскенбаева Ұлсара  Талғатқызы иеленді. 








Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив