Брокераж комиссиясы
«Брокераж комиссиясы туралы»
Жалпыға міндетті білім заңын орындау мақсатында, мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында күнделікті мектеп асханасында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру және қадағалау үшін төменде көрсетілген тәртіпте брокераж комиссиясы құрылған.
1.Брокераж комиссиясының төрайымы: Р.К.Күндебаева директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.
2.Комиссия мүшесі: Б.Х.Бекарыстанов директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары. Асханадағы құрал жабдықтар мен техника қауіпсіздігіне жауапты.
3. Комиссия мүшесі: А.Баймешова мектеп медбикесі. Оқушылардың сапалы тамақ ішуін қадағалайды, брокераж журналын жүргізеді. Денсаулығы нашар оқушылардың тамақтануын қадағалайды.
4.Комиссия мүшесі: А.Ж.Тлеуова әлеуметтік педагог. Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, тұл жетім және қамқорлықтағы балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.
5.Комиссия мүшесі: Р.Cүлейменова ата-аналар комитетінің төрағасы. Мектеп оқушыларының сапалы тамақтануын, ата-аналар есебінен тамақтанатын оқушылардың сапасын тексеру құқығына ие.