14
декабрь
2022
МЕКТЕПІШІЛІК ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті шахматты насихаттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту және жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының "Тәуелсіздік күніне" орай 2-11 сынып оқушылары арасында шахматтан мектепішілік шахмат олимпиадасын Коммунальное білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебі аталған іс-шараны белсене ұйымдастырып өткізді.
Олимпиадаға жалпы 112 оқушы қатысып, 11 оқушы іріктеліп алынды. Осы іріктеуден суырып шыққан "Бас жүлде" иегері І орын 3 "В" сынып оқушысы Ахмет Аяла, 5 "А" сынып оқушысы Жұмаділ Жәудір, 9"Д" сынып оқушысы Дінмухамедов Бауыржан, ІІ орын иегерлері
2 "А" сынып оқушысы Қалыбек Зере, 4 "Д" сынып оқушысы Кайрбек Даниал, 6"Ж" сынып оқушысы Мелдібек Қайратәлі, 11 "А" сынып оқушысы Әбіләзім Нұрхан, ІІІ орын иегерлері 5 "А" сынып оқушысы Асанәлі Жалғас, 11"Б" сынып оқушысы Саймасай Дулат болып танылды. Үш үздік өзара тартысты ойын көрсетіп, мектепішілік "Ең үздік шахматшы " 7 "Б" сынып оқушысы Несіпбек Абылайхан атанды. Жақсы ойын көрсеткен және жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
Олимпиада Халықаралық шахмат федерациясының ережелеріне сәйкес жүргізілді.