12
апрель
2024
“20 МИНУТ КІТАП ОҚУ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
“20 МИНУТ КІТАП ОҚУ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге алады.
Осыған орай, Коммунальное білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында жас бүлдіршіндерді кітап оқуға баулу мақсатында «20 минут кітап оқу» жобасы аясы ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға шақыруда. 04.04.2024 жылы 4 сынып оқушылары мектеп кітапханасында ертегі әлеміне саяхат жасады. Оқушылар ертегі кітаптарды оқи отырып, өз түсінгендерін достарына баяндап берді. Ертегі кейіпкерлерін сипаттау арқылы жақсы мен жаманды, адамдық пен адамгершілік жайында пікір айтты.
Показать перевод

Все реакции:7Жетпіс Тоғызыншы и ещё 6
