10
март
2023
БАСТАУЫШ СЫНЫП БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІК ДЕКАДАНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫ
Сабақты зерттеу әдісі (Lesson study) онкүндік декаданың Шымкент қалалық Управления образованияна қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 наурыз күні мектепішілік оқу-тәрбие жоспарына сәйкес бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің «Білім беру трендтеріндегі ойын технологиясының тиімділігі» атты онкүндік декаданың ашылуы болды. Аталған іс-шара 1–10 наурыз аралығында өтеді.
Апталық мақсаты – оқушылармен сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізе отырып, білім, білік дағдыларының қалыптасуын дамыту.
Онкүндік декаданың ашылу салтанатында мектеп директоры Ж.А. Кулбекова арнайы сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Осы ретте директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М.Б. Дүйсебай да ыстық ықыласын жеткізді. Ал әдістемелік бірлестік жетекшісі М.А. Абишева декаданың өткізілу барысындағы іс-шара және ашық сабақ жоспарларымен таныстырды. Ашылу барысы концерттік бағдарламаға ұласып, бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Ерекше айта кететін жайт – декаданың ашылу кезі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келді. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері мерекелік көңіл кдоморнатып, ұстаздарға алғыс сөздер жазылған жүрекшелер таратты. Бұл көрініс жарқын сәттер сыйлап, бастауыш декаданың айрықша өтетінінен хабар берді.
Декаданың барысында дарындылығы, таланттылығымен белсенділік танытқан шәкірттер мен ұстаздарға мектеп ұжымы өз алғысын білдіреді.