07
ноябрь
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖОБАСЫ
Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байыды, сақтау қабілетін арттырады, ақылдырақ болады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №79 жалпы орта білім беретін мектепте оқушылардың күзгі каникулда бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектеп оқушылары арасында «Демалыста кітап оқимын» кітап оқу марафоны өткізілді. Бұл іс-шараға 5 «А» сынып оқушылары белсене қатысып, сынып жетекшісі Исмаилова Гүлназбен бірге демалыста оқуға кітапханадан өздеріне ұнағанын кітаптарын алып, оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті.

