16
ноябрь
2023
"ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ" ЖОБАСЫ
Коммунальное білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 14 қараша күні 1-7 сынып оқушылары арасында Қаратау АПБ полиция майоры Б.М.Танкишов оқушыларға "ЖОЛДА ЖҮРУ" тақырыбы бойынша профилактикалық түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.
Жолда жүру ережесімен таныстырды. Жол қауіпсіздігін сақтау белгілерімен таныстырды. Қазіргі таңда әр түрлі көліктер жылдан жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдарға жағдай күрделеніп келеді. Жол көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет екені айтылды.
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру.


