11
декабрь
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖОБАСЫ
"Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген Ғабит Мүсірепов. Осыған орай, "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында №79 жалпы орта білім беретін мектебінде "20 минут кітап оқу" акциясы ұйымдастырылды. Жоба аясында 2023 жылдың 7 желтоқсан күні мектеп кітапханасында 2 "В" сынып оқушылары сынып жетекшісі Айжан Торыбаевамен бірге ертегілер оқып, өздері оқыған ертегі желісі бойынша түсінгендерін айтып берді. Сынып болып оқуға “Ақымақ қасқыр” ертегісін таңдап алды.



