16
декабрь
2023
"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" ЖОБАСЫ
Далам да кең тартатын көз алыстан,
Қымбат маған әр түйір тозаң ұшқан.
Бұл дүниеде бір ғана Отаным бар,
Оның аты Тәуелсіз Қазақстан!
Тәуелсіздік - баға жетпес байлық. Біз келешекке бастаушы, келешекті жасаушы ұрпақпыз. Ендеше қолда бар алтынның қадірін білу оны келесі бір дәуірге аманаттау және жеткізу – мойынымыздағы парыз.
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай, Коммунальное Управления образованияна қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп кітапханашылары Маржан Мануарқызы мен Айшабибі Сапарқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» тақырыбында 6-сынып оқушылары арасында викториналық сайыс өтті.
Іс-шара барысында оқушылар еліміздің Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихына байланысты сұрақтарға, «Додокаэдр» әдісі бойынша Қазақстан туралы викториналық сұрақтарға жауап беріп, сонымен қатар «Асық» әдісі арқылы еліміздің тәуелсіз ел болуы үшін еңбек еткен алаш қайраткерлері туралы үстел үсті ойынын ойнады. Ойынға ерекше қатысқан оқушылар тәттілермен ынталандырылды.
Ертеңгі елдің келешегі үшін еңбектен, Отанның ошағында от болып жанған жалын бол!

