25
декабрь
2023
"Сапалы білім" жобасы аясында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінің «қазақ тілі мен әдебиеті» бірлестігінің мұғалімі Мусатаева Нурсулу Булегеновна 10«Д» сыныбымен қазақ әдебиетінен күнтізбелік жоспарға сәйкес, жазушы, драматург, аудармашы Медеу Сәрсекеннің
“Қазақтың Қанышы” атты ғұмырнамалық роман-эссесінің негізінде «Ғалымның ғылымға қосқан үлесі» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақта сын тұрғысынан ойлау стратегияларының негізінде «Топтастыру», жеке, топтық, шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Сабақ соңында оқушылармен «Инсерт стратегиясымен» кері байланыс жасалды. Оқушылар сабақтың әр бөлімі бойынша жинаған балы негізінде бағаланды. Сабақ «Бес жолды өлең» арқылы қорытындыланды. Бұл сабақ тарих еншісіне айналған ұлы тұлғалар, олардың ұлағатты өмірі жер басып жүрген тірілер үшін мерей-мәртебе ғана емес, ең бастысы ұлттың мәдени-рухани деңгейінің тарихы көрсеткіші, халық өресінің беделді айғағы ретінде ден қойдыруға тиіс. Қазақ халқының бүгіні мен болашағының мақтанышы да, қызметшісі де болып тарих төрінен орын алған біртуар тұлғалардың бірегейі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Оның адам ретіндегі қасиет-болмысы парасаттылық пен кемелдіктің үлгісіндей болып ұрпақ жадында сақталса, ол тындырған ұлан-ғайыр істер Қазақстанды тарихи дамудың жаңа сапалы белесіне шығарып, ғылымыны мен экономикасының тұғырын бекемдеп беру жолындағы еңбегі- жастарға үлгі.


