25
декабрь
2023
«Сапалы білім» жобасы аясында
Коммунальное Управления образованияна қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Сапалы білім» жобасы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Өскенбаева Ұлсара Талғатқызы 6 «Г» сыныбына күнтізбелік жоспарға сай «Past Simple vs. Past Continuous» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақта мақсаты: ағылшын грамматикасындағы өткен шақ және созылыңқы өткен шақ айырмашылықтарын анықтау. Сабақ барысында тақырып мақсатына жету үшін «Wordwall» және «Classroomscreen» әдістері арқылы өтілген тақырыптар бекітілді. Жұптық жұмыс кезінде оқушылар бір-бірімен Past simple және Past Continuous арқылы диалог құрастырып, Worksheet әдісі арқылы жеке жұмыс орындалды. Сабақ соңында кері байланыс жасалып, оқушылар бағаланды.

