17
январь
2024
"ОҚУҒА ҚҰШТАР - МЕКТЕП" ЖОБАСЫ
Коммунальное білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 17 қаңтар күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 4 «Г» сынып оқушылармен бастауыш сынып мұғалімі Нахаева Айгүл Пердеқызы кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, "Кітап-білім бұлағы" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Оқушылар кітапханада кітап, білім, оқу туралы білген өлеңдерін айтып, кітапты ұқыпты ұстау жөнінде көрініс қойып, өз ойларын ұжыммен талқылау жасады. Кітап пен білімнің өмірімізде алатын маңызды рөлін ұғына отырып, қызыға жарысып мақал-мәтел айтуға қатысты.
Мектебіміздің кітапханасынан түрлі кітаптар алып оқып, өздері оқыған шығармаларын айтып ой бөлісті.
Алдағы уақытта, мектеп оқушыларының қанаттары талмай, оқуда озат болуларына тілектеспіз!!!


