«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Коммунальное
государственное учреждение
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 27-41-13
Бухгалтерия
+7(7252) 27-41-13
Версия для
слабовидящих
» » «САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ
24
январь
2024

«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ

Коммунальное білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде “Сапалы білім” жобасы аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Избасарова Ақмарал Сапарбаевна 5 «Е» сыныбына «Менің Отаным Қазақстан» атты тақырыпта сабақ өтті.
Сабақ өткізудегі негізгі мақсат: 
*жас ұрпақты Отанын сүюге;
*еліміздің рәміздерін қастерлеуге;
*бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйрету;
*туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген  махаббат сезімін ояту болса, сонымен қатар:
*Отанын, туған жерін қорғай білуге;
*халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа;
*атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге;
*ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту болып табылады.
«Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткізу барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып, кең байтақ  туған жеріміз, еліміздің тамыры терең тарихына көз жүгіртіп, Қазақстан Республикасының тарихы әлемге әйгілі екенін оқушыларға түсіндіре отырып, елін жерін кеңінен тануға мүмкіндік туғызамыз. 
Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кең байлығы да жеткілікті, мол екендігін оқушыларға түсіндіре білу.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив