13
февраль
2024
«ДОСБОЛLIKE» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
«ДОСБОЛLIKE» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Коммунальное білім басқармасына қарасты N79жалпы орта білім беретін мектебінде әлеуметтік-эмоциялық ахуалды жақсартуға арналған «ДосболLIKE» республикалық акциясы жалғасын табуда.
Іс - шара жоспары негізінде “Өзін-өзі басқару” ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының көңіл-күйін көтеру мақсатында “Көтеріңкі көңіл-күй” атты тілек айту күні өтті.
Мақсаты − бірлік арқылы жақсы, ізгі қарым-қатынастың ең жақсы жолдарын табу және білім беру орындарында оқушылар үшін жақсы қауіпсіз, досшыл орта құру , оқушылар қауымдастығын біріктіру.
«ДосболLIKE» акциясы 2024 жылдың 17 қаңтарынан 17 ақпанына дейін жалғасын табады.
Акцияға 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар, ұстаздар, еріктілер және әлеуметтік қызметкерлер қатыса алады.
Айта кетейік, акцияда келесі бағыттар бойынша іс-шаралар өтеді:
• Шығармашылық ынтымақтастық
• Шағын зияткерлік академиясы
• Спорттық достық
• Шеберлер қаласы
• Жақсы көңіл-күй
• Еріктілер және т.б
