10
февраль
2024
«ҚАЗАҚТЫҢ САТТАРЫ – АЛАШТЫҢ МАҚТАНЫ»
«ҚАЗАҚТЫҢ САТТАРЫ – АЛАШТЫҢ МАҚТАНЫ»
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 8 ақпан күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» бірлестігінің ұйымдастыруымен ақын, жазушы, қазақтан шыққан тұңғыш фантаст жазушы Саттар Ерубаевтың туылғанына 110 жыл толуына орай, «Қазақтың Саттары - Алаштың мақтаны» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Шараның ашылу салтанатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дүйсебай Мадина Бағысбайқызы жазушы ғұмыры жайлы пікірін білдіру арқылы, оқушыларды жазушының еңбегін бағалауға, оқуға шақырды.
Іс-шара барысында оқушыларға жасында жарқ еткен қысқа ғұмырында артында өшпес мұра қалдырған, қазақтың біртуар талантты ұлы, С.Ерубаев өмірі мен шығармашылығы туралы видеоролик көрсетіліп, өнегелі өмірін үлгі етті. Сонымен қатар мектебіміздің өнерлі де, білімді жас өрендері жазушының шығармашылығын ортаға салып, жазушының өзі оқығандай етіп, өлеңдерін, ол кісіге арналған арнаулар оқып берді.
https://www.facebook.com/100041009420083/videos/689060630041858/