«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Коммунальное
государственное учреждение
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 27-41-13
Бухгалтерия
+7(7252) 27-41-13
Версия для
слабовидящих
» » «САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
09
февраль
2024

«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 8 ақпан күні кәсіптік бағдар беруші педагог  Раймбекова Сабира Сабитовна «Мамандықтың  бәрі  жақсы» тақырыбында студенттермен кездесу үстелін өткізді.
Дөңгелек үстел өткізудегі негізгі мақсат:
* Мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу;
* Кәсіби бағыт беру;
Жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру мақсатында өткізілген дөңгелек үстел өз дәрежесінде өткізілді.
Кездесуге 2021-2023 жылы бітірген түлектер арнайы шақырылды. Осы қонақтарымызбен қоса мектебіміздің  педагог-психологтары М.Момынова,  Л.Уалханова және 11 сынып оқушылары  қатысты. Кездесуде студенттер өздерін, болашақ мамандығын, ұстанымын таныстырып, оқу орындарынан видеоролик көрсетіліп, түрлі ойындар мен  қатар, 11 сынып оқушылары студенттерге "Ашық микрофон" айдарында сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісіп  аяқталды.
Мектеп бітіруші түлектердің және негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың осы студенттермен  әңгімелесу барысынан тиянақты шешім қабылдап, белгілі мамандық саласына таңдау жасайды деген сенімдеміз.
Нәтижесінде  11 сынып  оқушылары  мамандыққа  деген   көптеген сауалдарына жауап алды деген ойдамыз.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив