06
декабрь
2023
«ТАРИХ-ГЕОГРАФИЯ» АЙЛЫҒЫНЫҢ ӨТІЛУ БАРЫСЫ
Коммунальное білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде Тарих-география айлығы аясында 2023 жылдың 06 желтоқсан күні география пәнінің мұғалімі, тренер Камар Маркабаевна семинар сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Қысқа мерзімді жоспардың жасалу жолдары».
Семинар өткізудегі басты мақсат: Блум таксономиясының талаптарын пән бойынша оқу бағдарламасының оқу мақсаттарымен және дағдылар мен қабілеттерді дамыту үшін тапсырмаларды әзірлеумен байланыстыру; тақырып бойынша алынған білім мен дағдыларды ескере отырып, сабақты жоспарлауды қайта қарау болып табылады.
Қазіргі таңда, мұғалімдер үшін ең маңыздысы болып отырған мәселе – XXI ғасырда нені оқыту керек? Преподаватели оқушыларды қалай дайындайды? Мектепте мұғалім көшбасшылығы Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасында мазмұны осы екі мәселені шешуге бағытталған. Біз өзімізге өзгеріс не үшін қажет? неліктен? қалай істейміз? одан кейін сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақтарды алға тарта отырып, қарастыратын болсақ онда ең алдымен теориялық білімімізді тереңдетуден, толықтырудан басталады.
Ия, сабақтың өзгеше өтуі, яғни дәстүрлі емес сабақтың өтуі мұғалімнің жоспарды құруынан бастау алатын ескеруіміз қажет.
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
