15
декабрь
2022
"МЕНІҢ ОТБАСЫМ - МЕНІҢ БАЙЛЫҒЫМ" АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ
Коммунальное білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебінде " Менің отбасым- менің байлығым" тақырыбында 7 "А" сыныптың ата-аналарымен педагог- психолог Л.Каспанованың ұйымдастыруымен психологиялық тренинг өтікізілді. Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол - менің балаларым» - деген екен. Әрбір ата - ана баласының денсаулығы мықты, ең жақсы болуын, талапты болып өсуін арман етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Тренинг барысында: 1.Мотивациялық кезең
2. Ата-аналарды топқа бөлу
3. "Бала біздің болашағымыз" (постер қорғайды)
4. Ситуациялық сұрақтар
5. «Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру» әдісі
6. Қорытынды: Рефлексия.
Ата-аналар жақсы әсерде, керемет көңіл күйде қайтты.







