АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Коммунальное
государственное учреждение
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 27-41-13
Бухгалтерия
+7(7252) 27-41-13
Версия для
слабовидящих
» » » АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
05
март
2024

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
«Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы үшін не істеуі керек?»
✅Балаға ересек адамадардан қауіп төнген жағдайда «ЖОҚ» деп айтуды үйретіңіз.
✅Егер оны біреу ұстауға әрекет етсе, балаға «Бұл менің әкем емес (анам емес)» деп даусын шығарып айқайлауды үйретіңіз. Бұл айналасындағылардың назарын аудартады және қылмыскерді қаймықтырады. 
✅Балаға қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын, кіммен болатынын хабарлап отыруды, егерде жоспары өзгеріп жатса қоңырау шалу қажет екенін үйретіңіз. 
✅Баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алуға тырысыңыз. Егер басқа біреу алатын болса, алдын ала ескертіңіз. 
✅Балаға құпия сөз ойлап табыңыз. Бұл құпия сөз балаға білмеген бөтен адамдармен бірге кетпеуі немесе бөтен көлікке отырмауы үшін керек. 
✅Балаға жалғыз жүргеннен гөрі достарымен бірге қыдыру қауіпсіз екенін жеткізіңіз. Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің назарын өзіне аудартады.
✅Баланы жылына бір рет фотосуретке түсіріңіз. Тым болмағанда сізде жаңа фотосуреті болады. 
✅Балалардың интернетте еркін отыруына жол бермеңіз. Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсене атсалысыңыз.
✅Балаға интернет желісіндегі қауіпсіздік туралы ескертіңіз. Егер бала басқа интернет қолданушы тарапынан келеңсіздікке немесе зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керектігін түсіндіріңіз. 
✅Бала барлық жағдайды айтып жеткізе алатын ата-ананың қатырынан болыңыз. Бала әрқашан оны жақсы көретініне, егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, оны іздеу тоқтамайтынына сенімді болуы керек. 
Коммунальноеның полиция департаменті


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив