06
февраль
2023
ЛОГОПЕД МАМАННЫҢ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
Заманауи өзгерістердің толқынында сөйлеу тілінің кемшіліктері бар балалар мектепке дейінгі білім беру ұйымдардарында және бастауыш буын оқушыларында бұрынғыға қарағанда жиі кездесетіні барлығымызды алаңдатып отыр. Дыбыстарды дұрыс айта алмаудың әсерінен жазу бұзылыстары да пайда болып жатады. Сөйлеу бұзылысының осы түрлері кіші сынып оқушыларында барынша жиі кездеседі. Логопедтер мектепте бұрыс айтылымды түзету мақсатында дыбыстарды қоюмен айналысады.
Біздің білім ордамызда қыркүйек айынан бастап Логопед кабинеті ашылып, жұмыс жасауда.
Логопед маманы- Нұржігітова Г.Д. диагностика жасау барысында сөйлеу тілі бұзылысы бар оқушыларды анықтап, жоспарға сай түзету –оқыту сабақтарын жүргізіп отыр.