20
декабрь
2023
ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ҰЛАН» БАЛАЛАР МЕН «ЖАСӨСПІРІМДЕР» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
Бүгін 2023 жылдың 20 желтоқсан күні «16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне» орай, №79 жалпы білім беретін мектебімізде қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өтті. Салтанатты жиынға үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, білім басқармасының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары, мектеп парламент мүшелері, «Жас ұлан» ұйымының рәміздік тобы қатысты. Мерекелік жиында сөз алған мектебіміздің директоры Жанна Аралбайқызы оқушыларға жылы лебізін білдірді.
–Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты – мектептегі оқу озаттары және түрлі деңгейдегі байқау, жарыстардың жеңімпаздарын республикалық «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылдау, оқушыларды өз Отанын сүюге, елі мен халқының тарихын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Жиын барысында ұйымның мүшелеріне салтанатты түрде галстук байлау және төсбелгі тағу рәсімі өтіп, оқушылар концерттік бағдарламасын ұсынды.