13
февраль
2024
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ САПАСЫ 56,2%-ҒА АРТҚАН
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ САПАСЫ 56,2%-ҒА АРТҚАН
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Білім басқармасының басшысы 2024 жылы білім беру саласында атқарылатын бір қатар шаруаларға тоқталып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.
«Ағымдағы жылдың І тоқсанында ата-аналарға табельдерді растау механизмін үйрету семинарлары өткізіліп, балалардың сабаққа қатысуын табельдеу және ата-аналардың табельдерді растау механизмі іске асырылатын болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда, әдістемелік материалдарды, оқыту әдіс-тәсілдерін қолдануда, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуде, тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырып өткізуде, оны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуде әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар балаларды кезектілікпен есепке алу және ҰБДҚ платформасында бірыңғай деректер базасын жүйелі жинақтау бойынша кеңес беру жобалары жүзеге асырылатын болады»,- деді спикер Н.Шамшиева.
Қаладағы 272 мектепте 259 065 оқушы білім алуда.
Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 56,2%-ды құрады, бұл алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 2,2%-ға өсу серпінін көрсеткен.
Білім сапасын арттыру бағытында жоспарланған жұмыстар:
Қаладағы мектептердің білім сапасына зерделеу жүргізіліп, «САПАЛЫ БІЛІМ" жобасының арнайы тұжырымдамасы әзірленді. Жоба орталықтың ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралып, арнайы бұйрықпен 14 жетекші мектеп командалық жұмыс бастады.
Сонымен қатар, білім сапасын арттыру бағытында төмендегідей жобалар аясында жұмыстар жүргізіледі.
- «Мобилді мұғалім» жобасы;
- «Үздік кәсіптік бағдар беру» жобасы;
- «Жетекші мектеп» жобасы;
- «Бейіндік сынып» пилоттық жобасы;
- «Сауаттылық сапалы білім негізі» жобасы.
Білім сапасына педагогтердің біліктілігі тікелей байланысты болғандықтан, олардың кәсіби өсуі де маңызды. Бүгінгі таңда қаладағы біліктілік санаты бар педагогтер үлесі 64%-ға жетті.
Біліктілікті арттыру курстарынан 2023 жылы 8 763 педагог өтсе, ағымдағы жылы 7 742 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Показать перевод